Пятница, 17.05.2024, 09:44
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 53
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Разработки учителей » разработки учителей школ района

ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ШАРТЫ КАЛДАРБЕКОВ Т.Т.

 

Қазақстан  Республикасындағы  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы  «Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда»  және  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл» жоспарының мақсатын жүзеге асыруға да бағытталады. Ол мақсат оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.

 Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа  жолдауында  оқытудың  келесі  нәтижелеріне, яғни «сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруге» жетуді міндеттеді.

Бұл өзерістерге  дайын  болу  үшін  білім беру жүйесінде  қарқынды  жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті жүзеге асыратын педагогтер.  Педагогтерді  өзгерістерге  дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту    біліктілікті  арттыру жүйесінің еншісі.

Физика пәнінің мұғалімі өз мамандығын  жетік біліп,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.

Кәсіби құзіреттіліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі:

-мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі:

-мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:

-мамандықты еркін меңгерген кезең:

- мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең.

Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер-мұғалімнің, жаңашыл-мұғалімнің, зерттеуші-мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

Оқу – танымдық құзіреттілік :

Білімнің  қалыптасуы  туралы :

-магнит өрісі және  оның  сипаттамалары , магнит  өрісіне орналастырылған  тоғы  бар  өткізгішке және қозғалыстағы  зарядтарға  магнит  өрісі  тарапынан  әсер  ететін  тоқтардың  және  күштердің  өзара  әсерлесуі

- заттың  магниттік  қасиеттері , электромагниттік  индкуция  және оның  заңдары , өздік  индукция ,құйынды  электр   өрісі  және  магнит өрісінің  энергиясы ;

- айнымалы  тоқ , оның  пайда  болу шарттары  және  сипаттамалары , резонанс;

- механикалық  және  электромагниттік  тербелістер  мен  толқындар ,олардың  пайда  болу  шарттары және  сипаттамалары , сонымен  қатар  олардың  тәжірибеде  қолданылуы ;

-  табиғи  құбылыстарды  танудың  ғылыми  әдістерін  игеру ;

-  экспериментті  қою  және  оның  нәтижелерін  өңдей  білу.

Ақпараттық құзыреттілік :

-оқулықтармен , қосымша  әдебиеттермен , анықтамалық  материалдармен  және электрондық  басылымдармен  жұмыс  жасау дағдыларын  қалыптастыру;

-сонымен  қатар интернет  желісінде  ақпаратты  таба  білу  және  оны  өңдей  білу .

Коммуникативтік  құзыреттілік:

- жұпта , топта , ұжымда  және  өздігінен  жұмыс  жасай  білу ;

-практикалық  және  шығармашылық  жұмыстар  нәтижелерін  талқылауды , сыныптастарының  пікірлерін  тыңдауды  өзінің  және  сыныптастарының  жұмыстарын сын  көзбен  бағалай  отырып ,өз  көзқарасын  еркін және дәлелді  айта  білу .

Әлеуметтік  құзыреттілік :

- өмір  деңгейін  көтеру  және мәдениетті  дамыту  үшін «Физика»  пәнін оқытудың  маңыздылығына  көз  жеткізу ;

- ғалымдардың  физика  мен техниканың  дамуына  қосқан  үлесін  және  олардың  азаматтық көзқарасын  бағалау.

Пәнаралық  байланыстар

Физиканы  оқыту  процесінде  төмендегі   пәндермен  пәнаралық  байланыс  жүзеге  асады .

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қоғамның және мұғалімнің жеке ынтасы мен қызығушылығының үйлесімі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытудың төмендегідей мақсаттары мен міндеттерін айқындайтынын байқауға болады:

1. Кәсіби құзіретті мұғалімді  дамытуда жоғары пәндік, педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік деңгейге жетудің критерийлері:

-Физика пәнінің мұғалімдерінің  білім деңгейінің болуы (кәсіби деңгей);

-мамандыққа байланысты арнайы пәндерден академиялық білім деңгейінің болуы (іргелі білім деңгейі);

-әдістемелік және технологиялық біліктерінің базалық деңгейі.

2.  Шығармашылық белсенділігін қалыптастыру:

-мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдана білуі;

-мәліметтер жинау (портфолио), ілгері жылжу және болжамды тексеру,

-нәтиже (рефлексия);

-ғылыми ойлау амалдарын қалыптастыратын оқу және зерттеушілік

-сипаттағы міндеттер тізбегі (анализ, синтез, модельдеу, фондық көрнекілік т.б.).

-теориялық және  практикалық дайындықтың үздіксіздігі;

-оқу үдерісін оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру;

-мұғалімдердің зерттеу-жобалау жұмыстарын жүргізуі  арқылы дамыту;

-мұғалімдердің әдістемелік өнімдер мен жарияланымдар әзірлеулері арқылы дамыту

Жоғарыдағы  көрсетілген педагогикалық шарттар қысқа  мерзімді біліктілікті арттыру  курстары  мен курс аралық кезеңдерде  оқу  бағдарламаларының  келесі  мазмұны  арқылы  жүргізіледі.

Мұғалімнің шығармашылық  ізденіспен  жаңаша жүргізілетін күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық, ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық тіл өрнектерін, ұлттық ойындарды көптен қолдана білу, оған даяр жоба ұсынуға болмайды.  Сабақты тартымды, қызылықты өткізу мұғалімнің шығармашылық жұмысына, талантына, біліміне байланысты. Егер  мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда шәкірттерді  ойландыруға, іздендіруге, тәжірибе жасап  оған қорытынды жасай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми сөйлеуге көңіл аударса, келесі бір сабақтыңмүмкіндігіне қарай халқымыздыңдәстүрлі ұлттық тұрмыс, салт-сана көрінісіне, қазіргі жеткіншек  жете біле бермейтін ұғым-түсінігін бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды.

Физика  пәні негізгі құзыреттілікті қалыптастыруда  үлкен әлеуеттікке ие. Алайда осы пәннің құзыреттілікті қалыптастыру қабілеті туралы айтқан кезде, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек.

Сөйтіп, Физика  пәнінің  негізінде қызметтік мазмұн бар болғандықтан, ол құзыреттілікті қалыптастыратын пән болып табылатындығын кестеден көріп отырмыз.  Құзыреттіліктер туралы айтқан кезде құзырет пен құзыреттілік деген түсініктерді нақтылап алу керек.

Құзыреттіліктің әрқайсысы білім, біліктілік пен дағды және құндылықтардың үлкен кешенінен тұрады. Коммуникативтік және жалпы кәсіптік құзыреттілік медициналық оқу орнын  бітірушінің,  жалпы тәжірибе дәрігерінің басты құзыреттілігі  болып табылады. Оқытудың түрлі технологиялары, түрлері мен әдістері осы мамандық бойынша информатиканы оқып-үйрену кезінде басты құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады. Оқытуға негізделген тапсырмалар ғана емес, сондай-ақ өмірлік негіздегі тапсырмалар құзыреттілік тапсырмалары болып табылады және  ойлампаз оқушыларға «Мұны біз не үшін істеп отырмыз?» деген жауапсыз қалатын сұрақ туындамайды. Құзыреттілігі жоқ оқытушының оқушылары да  құзыретсіз екендігін есте ұстаған жөн. Құзыреттілік құралдарының тізімі бәрінен бұрын оқушы ұстанымына да байланысты. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру олардың белсенділігіне байланысты болады, яғни оқытушының «белсенділігі» оқушылардың  белсенділігіне ауысқан кезде ғана болады. 

Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар, кейс-стади технологиялары көмегімен сатылай жүргізіледі. Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады. Сабақ өткізу кезінде оқытушылар электрондық оқулықтар мен оқу құралдарының бірнеше түрлерін, оқытудың көзбен шолып байқау құралдарын, мультимедиялық технологияларды пайдаланады

Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді.  Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық шығармашылық сабақтарыныңсан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз практикасында қолданып келеді: оқытудыңұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т.б. Сондай-ақ, жаңашыл физик – мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада  жүзеге асырып келеді.

Физиканы  оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік ебедейлігіне байланысты екендігі даусыз. Өйткені, физиканы  оқыту үрдісін  жоспарлаушы және  ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалім болып саналады. Сабақтың жүргізілу барысы оның педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық қабілетіне байланысты.

Физиканы оқытудың әдістемесіне қойылатын жалпы талап дамыту мақсатындағы  оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың физикалық ойлауын дамыту. Дамыту  мақсатындағы  оқытуда сабақтың негізгі қағидаларын түгелдей айтып шығу мүмкін емес, жаттап оқытуды төмендету қажет. Оқытудың дедуктивтік, индуктивтік тәсілдерін қолдану жеткіліксіз.

Оқушылардың ойларын дамыту, олардың физикалық есептерді өздігінен шығара білуін қалыптастыру үшін жүйелеп оқыту әдістерін қолдану қажет. Оқушы жаңа есепті өзінде бұрын бар біліммен шығарады.  Есеп шығару кезінде оқушы алдына қойылған  мақсатты іске асырады. Оқытудың алғашқы сатысында, оқушылар оқулықтардағы  берілген есептер мен  жаттығуларды орындай отырып, өздігінен жұмыс істей білуге  дағдылануы қажет.

Мұғалімнің бақылауымен, басшылығымен жүргізілетін жұмыстар оқушының физикаға деген сүйіспеншілікті дарытудағы әсерлі құрал бола алады. Қосымша әдебиеттер оқитын, үйде бақылау және тәжірибе жүргізетін  және алған мәліметтерін жауап бергенде пайдаланатын баяндамалар, хабарламалар жасайтын, әзірленген приборларды демонстрациялайтын оқушылармен жекелей жұмыс жүргізу керек.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.  Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллетуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетініңқалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін өзі  дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бір технологияның өзі әр түрлі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған   көптеген себептерге байланысты білім берудің тиімділігін қамтамасыз ететін  жанды құрамдас бөлігі (компоненті). Қазіргі кезде білім берудің даму бағыты мен  тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық  технология қолданылып жүргендігі мәлім.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнін әр түрлі әдістермен жүргізуге болады.

Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы  бірнеше ерекшеліктері бар: сыныптағы оқушылардың жасы бірдей,және олардыңсаны тұрақты, сабақ кестесі өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі.  Сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері  қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға  деген қызығушылығы , ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.

Заман талабына сай физика пәні  де оқыту әдістері және оқыту түрлерімен толықтырылып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін тереңдету үшін  әрбір  мұғалім, түрліше оқыту әдістерін  ұсынып  отыр. Ал біз соның тиімділерін өзімізге лайықтап пайдаланып және  жас ұрпақты оқыта және тәрбиелей білсек, бұл біздің үлкен жетістігіміз болмақ.

 

Осы орайда 7-сыныпта өткізілген «Импульстің сақталу заңы» тақырыбына арналған қоғамдық білім байқаудың барысын қарастырайық:

Сабақтың тақырыбы: «Импульстің сақталу заңы»

1.     бірінші есеп топтыңкапитандарына беріледі, олар есепті тақтаға шығарады, қай топтың капитаны берілген есепті тез әрі дұрыс шығарса, сол топтыңтүлектері жақсы бапталған болады.

2.     зерделілер білімін тексеру үшін екі топқа да екі физиктің суреттері үлестіріледі. Топ мүшелері бұл физиктің кім екенін, қандай жаңалықтар ашқанын  айтып беруі керек.

3.     «Формуланы білесің бе?» ойыны. Алты жағына физикалық формулалар  жазылған кубикті әр топ кезекпен  лақтырып, жоғары қарап түскен бетіндегі формула бойынша жауап береді.

4.     «Шапшандық» сайысы. Екі топқа мазмұндары бірдей  есеп немесе формулалар  жазу тапсырылады. Мұнда да есепті шешу тәсілі мен уақыты есепке алынады.

5.     жанкүйерлерге де есептер жазылған карточкалар беруге болады. Олар орындарында отырып шығарады.

Жеңген топқа жоғары баға қойылады. Бағаны қоюды оқушылардың өздері, яғни сарапшылар айтады.

Бұл өтілген сабақтың мақсаты – халқымыздың ұлттық ойынына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды ұлттық дәстүрді сақтауға, ептілікке және жинақылыққа тәрбиелеу.

Физика пәнін түрлендіріп өткізу арқылы сыныптағы оқушыларды түгелдей сабаққа белсенді түрде қатыстыруға, өз ойларын ашық айта білуге, бастаған ісін толық аяқтауға және жауапкершілікпен қарауға дағдыландырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.  Көшеров Ә. Физикадан тақырыптық тесттер. Әдістемелік құрал. 2005.

2. З.Ж.Жанабаев, Ш.Б.Тынтаева, Х.Б.Жолдасова. Оқу құралы. Физиканы оқыту әдістемесі. Қазақ университеті. 2008.

3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдерге арналған құрал. “Рауан”, 2006.

4. Г.Я.Мякишев, Б.Б.Буховцев. Физика. 10-сынып оқу құралы. “Рауан”, 1996.

5. Аққошқаров Е.А. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру және терминдерді меңгерту тәсілдері. – А: 2009ж.

6.Әбдiғапаров Қ. және Қошпанов М. Қызықты физика. Механика. – А “Қазақстан”, 2000ж.

8.Малафеев Р.И. Проблемное обучение физике в средней школе. М., «Просвещение», 1980.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: разработки учителей школ района | Добавил: paganel (30.04.2017)
Просмотров: 1671 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск