Пятница, 26.04.2024, 04:35
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 53
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Разработки учителей » разработки учителей школ района

«Молшылық күз – береке күз» «Ақбота» II – сәбилер тобы.өткізген: Рахимжанова Г.Е

«Молшылық күз – береке күз»

«Ақбота» II – сәбилер тобы.өткізген: Рахимжанова Г.Е

 

2015 жыл

«Молшылық күз – береке күз»

Жүргізуші:        Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

Міне, күз мезгілі де келді. Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарқаны.

Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

Күз дегеніміз – қауырт еңбек кезеңі.

Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз – береке. Олай болса, «Ақбота» тобының тәрбиеленушілерінің дайындаған «Молшылық күз – береке күз» атты ертеңгілігін ашық деп жариялаймын.

Ән: «Күз келді»

Орындайтын: «Ақбота» тобының бүлдіршіндері.

Жүргізуші: Күзге арнап өлең жолдарын оқуға ортаға:

Санжар

Қ. Томирис

Мадина

Рамазан

Әмір

Дастан

Нарғызды шақырамын

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Санжар

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

 

 

Қ. Томирис

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау,

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық – алтын тау.

Мадина

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

 

 

Рамазан

Самал қозғап қалғанда,

Үзіледі сары алма.

 

 

Әмір

Сап – сары маңай,

Сап – сары тоғай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Дастан

Алтын күз, алтын күз,

Тағы да келді.

Нарғыз

 

Би: «Жапырақтармен»

Жүргізуші:   - Балалар, қазір бізде қай жыл мезгілі?

  • Күз.
  • Күзде неше ай бар?
  • Үшеу
  • Қандай? Қандай?
  • Қыркүйек, қазан, қараша

Ендеше, барлығымыз бірге сол «Алтын күзді» қарсы алайық.

Музыка ойналады, Алтын күз келеді.

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қонақтар! Мен Алтын күзбін. Мен сендерге қонаққа келдім. Сендердің дайындаған әндеріңді, олеңдерінді, билеріңді тамашалаймын. Рұқсат етесіңдер ме?

Жүргізуші: Алтын күзге арнап, өлең жолдарын оқуға:

Арыстан

Гүлім

Данеля

Жан

М.Томирис

Елнұр

М.Нұралыны шақырамын.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт  екен күз деген.

Арыстан

Мөлдіретіп жүзімдерін,

Келді алтын күзім менің

 

 

Жан

Дәнге толы қызыл қырман,

Қырман  басы қызық думан.

Мөлдіретіп жүзімдерін

Келді алтын күзім менің

Данеля

Ой, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ

 

 

М.Томирис

Бақтан жүзім үзгенді,

Үйрендік қой біз енді.

Қонырауы күмбірлеп,

Қыркүйекте күз келді.

Гүлім

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ

 

 

Елнұр

 

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

М.Нұралы

Алтын күз: Балалар, менімен ойын ойнағыларын келе ме? Олай болса, көкөністер мен жемістер деген ойында ойнайық.

Жүргізуші: Келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Жаңбыр, жаңбыр»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің екі кішкентай қызымыз орыс тілінде де олең оқып бере алады. Ортаға Амина мен Мадинаны шақырамын.

Осень наступила,

Высохли цветы

И глядят уныло,

Голые кусты.

Мадина

Наступила осень,

Пожелтел наш сад.

Листья на березе,

Золотом горят.

Амина

 

 

Жүргізуші: Балалар, бізге қарай секіріп – секіріп кім келе жатыр?

Балалар: Қоян!

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің дауыстарыңды естіп қалдым. Сендерге бір би ала келдім. Бірге билейміз бе?

Балалар: Иә билейміз

Би: «Утята»

Қоян: Рахмет балалар. Біраз  көңілім көтеріліп қалды. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Күз мезгілінің жемістері туралы олең жолдарын оқуға:

Әбілмансүр

Амина

С.Айзере

Саяжан

Арсенді ортаға шақырамын.

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың

Әбілмансұр

Мен өрікпін, мен өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Амина

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлап бар дәмім.

С.Айзере

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Саяжан

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Арсен

 

Жүргізуші: ендігі қабыл алатындарыңыз би: «Топ, топ - балақан» орындайтын бүлдіршіндер.

Алтын күз: Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып деп мен сендермен қоштасамын. Өзіммен

бірге ала келген сыйлығымды табыс етемін.

Жүргізуші: балалар сендерге тек қана Алтын күз ғана емес, ата – аналарыңда сый жасады. Соны да қабыл алыңдар. Ал, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің сыйлықтарын береді.

Осымен «Ақбота» тобының «Молшылық күз – береке күз» атты ертеңгілігі аяқталды. Үлкен рахмет. Сау болыңыздар.

 

Категория: разработки учителей школ района | Добавил: paganel (24.05.2016)
Просмотров: 1038 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск