Пятница, 17.05.2024, 04:40
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 53
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Разработки учителей » разработки учителей школ района

Тақырыбы: «1 ден -20 ға дейінгі сандарды қайталау»Өткізген: Акентаева Б.А.

 

Мақсаты: Балалардың математика сабағынан  алған білімдерін тереңдету, және  өткен    тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау. 1 ден-20 ға дейінгі өткен сандарды қайталау және өз беттерінше жұмыс істеу қабілеттерін,  ой-өрістерін дамыту, сөйлеу тілін жетілдіру. Балаларды  ұйымшылдыққа, ұжымдыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

      Түрі: Өткен тақырыпты  қайталау.

      Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақтар, суреттер, көрнекіліктер.

      Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Біздер тату баламыз,

                                                          Өсіп алға барамыз.

                                                          Есептерді шығарып

                                                          Біз білімді боламыз.

Балалар алдымен бәріміз ойымызды жинақтап алайық. Содан кейін 1 ден- 20 ға дейін санап алайық.     Сандарды еш қатесіз санайық.

                   Бар ма, қане, талапкер?

                   Ал Аяулым  кідірмей

                   Онға дейін санап бер. (1 2  3 4 5 6 7 8 9 10 )

                   О, Жәмила жарадың

                   Ондық санды өте тез

                   Әрі дұрыс санадың

                   Енді, Арман шырағым,

                   Санай ғойшы мұны әрі. (10 11 12 13 14 15)

                   Өте жақсы .

                   Оннан қайта кері санап

                   Бірге дейін жет дейміз.

                   Саида  (10 9 8 7 6 5 4 3 2 1)

Ғажайып сәт: Бүгінгі біздің сабағымызға өте ерекше  құстар қонаққа келіп отыр.Бізге құстар қонаққа жай келген жоқ,балалар  сендерге өте көп  тапсырмаларын ала келіпті. Ал қанекей балалар олай болса  құстардың сендерге ала келген  тапсырмасының , бірінші екенін білу үшін жұмбақ шешейік.

  1. Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айғай да шу. (Түлкі)

Түлкінің тапсырмасы. Ағашқа алмаларды  орналастыру.

  (Алманың  артында берілген есептерді  шығарту)

      5-2=3                 4+2=6                  10+2=12

3+3=6                 10-2=8                   9-1=8

 

Ал енді келесі жұмбақты тыңдаймыз.

  1. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (Қоян)

Қоянның  үйін толтыр. Жоғалған сандарды қоянның үйіне толтыру.

Сергіту сәті: Ал, балалар, орнымыздан тұрайық.

                       Қолды белге қояйық

                       Бұрыламыз оңға бір

                       Бұрыламыз солға бір

                       Бір отырып, бір тұры

                       Орнымызды табайық

                       Сабағымызды оқиық.

Ал, енді келесі жұмбақты тыңдайық.

 

3.   Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай  (Әтеш)

 Әтештің сендерге берген тапсырмасы. Сандарды салыстыру.

10>4                 15>2           18>13

2<17                 20>9           2<7

Келесі тапсырма. Фигураларды салыстыру.

Балалар сандарды салыстыруда жақсы орындап шықтыңдар. Келесі   жұмбақты тыңдайық.

4.   Еркін самғап ұшсын-деп

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,-деп

Қайсы құсты мақтаймыз?  (Көгершін)

Көгершін бізге жақсы қызықты ойын алып  келіпті. 1 ден-20 ға дейін қатесіз тура және кері санау.

Балалар сендерге алып келген құстардың тапсырмаларын жақсы және қатесіз орынап шықтыңдар, енді қосымша тағыда  мынадай сендерге берілген карточкаларды толтыра қояйық. Карточканы толтырып, оқыту.

Бекіту: Енді келесі кезекте  тақтада берілген  сандарға қараймыз, сандардың барлығы  шашылып жатыр екен.

Тақтада берілген сандарды кему ретімен орналастыру керек.Сонда бір сөз шығады.

Сөзді оқиық  «Жарайсыңдар»  сөзі шықты, өте жақсы бүгінгі  сабаққа белсене жақсы қатысқандарың  үшін сендерге  күн мен ай  таратайын. Осы күндей жарқырап, айдай толып  әрқашан алда болуларыңа тілектеспін.

Категория: разработки учителей школ района | Добавил: paganel (15.03.2018)
Просмотров: 810 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск