Воскресенье, 19.05.2024, 19:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 53
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Шылау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Шылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Шылаулардың толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе қосымша мағына үстеп тұратын көмекші сөздер екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындау арқылы шылауларды шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру..
Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт – дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері : Жаңа сабақ
Пәнаралық байланысы: Әдебиеттік оқу
Көрнекілігі. Суреттер, сызбалар, жұмбақтар
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың жоспары:.
1) Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
2) Үй тапсырмасын тексеру. Тест
3) Жаңа сабақ. Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
4) Жаттығу жұмыстары.
«Ойланайық, балақай» дидактикалық ойыны
5) Сергіту сәті
6) Қорытынды
7) Үйге тапсырма
8) Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Күн шуақ
Мен сені сүйемін
Жүрегімнің жылуын
Мен сендерге беремін

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ..
Көркем жазу. Ее. Ешкі. Далада ешкі жайылып жүр.
Кіріспе бөлім.
1. Тақтаға төмендегідей кестені ілу. Кестедегі берілген сөйлемдерді оқыту, төмендегідей
тапсырмаларды орындату.
Мысалдар
Мағынасы жоқ сөздер
1. Марат та, Асқар да, Гүлсім де циркке барды. 2. Атырау облысынан адам – зат тарихы үшін бағалы екінші алтын адам табылды. 3. Асан мен Үсен жұртта қалып қойды.
Та, .......

2. Сөйлемдегі сөздері сөз таптарына талдату. Мысалы: Кім? – Марат, Асқар, Гүлсім – зат есім. Циркке – қайда? – үстеу. Барды – не істеді? – етістік.
3. Сөйлем мүшелеріне талдату. Мысалы: Марат, Асқар, Гүлсім – бастауыш, барды – баяндауыш, циркке – тұрлаусыз мүше.
4. Сұраққа жауап бермейтін, жеке мағынасы жоқ сөздерді тауып, кестенің екінші бағанына жазғызу. Мысалы: да, де, үшін, мен.
5. Бұл сөздердің өздері тіркескен сөздерге қосымша мағына үстеп немесе сөз бен сөзді байланыстырып тұрғанының айту. Мысалы: да, де сөздері күшейткіш мән үстеп тұрса, үшін сөзі (адамзат тарихы үшін) мақсат мәнін үстеп, ал мен сөзі (Асан мен Үсен) сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
Оқулықтағы 1 – 2 жаттығуларды орындату. Бұл жаттығуларды да жоғарыдағыдай тапсырмалар ретімен орындату.

Негізгі бөлім.
1. Тілімізде толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын немесе сөзге қосымша мағына үстеп тұратын көмекші сөздер бар екенін айтып, олардың шылау деп аталатындығын түсіндіру.
2. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі.
Шылаудың толық мағынасы болмайды.
Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
Шылаулар өзі тіркескен сөздерге қосымша мағына үстейді.
Шылауларға қосымшалар, яғни жалғау, жұрнақтар жалғанбайды.

Жаттығу жұмыстары.
Оқулықтағы 3 -4 жаттығуларды ауызша және жазбаша орындату.
«Ойланайық, балақай»дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға төмендегі үлгідегідей сөйлемдер жазылған плакат ілінеді немесе тақтаға сөйлемдер жазылады.Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады немесе сызба бойынша шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазады.
1 НҰСҚА
1. Назгүл ... , Назым ... мектепте оқиды. 2. Мектеп алдына бір топ мұғалімдер ... оқушылар ағаш отырғызып жатыр. 3. Сыныпта Ілияс ... жүзе алады 4. Сен Алпамыс жырын оқыдың ...?

2 НҰСҚА

және .

та, да , де, .

қана .

ғой.

Сергіту сәті
Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды
Желмен бірге жапырақ
Сыбдыр қағып шашылды
Қорытынды
Шылауларды берік есте сақтап қалу үшін, оқушыларға мынандай берік дағдылар берілуі қажет:
мәтіннен шылауларды табу:
шылауларды қатыстырып сөйлем құрастыру.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.
Үйге тапсырма : 5 – жаттығу. Ережені жаттау.
Бағалау
Категория: Мои статьи | Добавил: Shariua1970 (09.01.2015) | Автор: Тыныкулова Шария Хамитовна E
Просмотров: 1181 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск