Пятница, 31.01.2025, 06:22
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 54
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Разработки учителей » разработки учителей школ района

Альбекова Жазира Сайлаубековна

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Саумалкөл №2 гимназия-мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Альбекова Жазира Сайлаубековна

Математика

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты:  Өткен тақырып бойынша білімдерін толықтыру, есептеудің тиімді тәсілдері туралы білімдерін дамыта түсу.

Күтілетін нәтиже:Өздігінен тапсырманы орындайды, шығармашылық қабілеттері артады.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар (тапсырмаларымен), әлпеттер, ватман, бояулар, стикер.

Қоланған модульдар: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас  ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу , Оқытуды басқару және көшбасшылық.

                                             Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Балаларды топқа бөліп отырғызу.

Оқушыларға (литр, метр, сағат, минут, секунд) сөздері жазылған стикерлар таратылады, сол сөздер бойынша балалар топтарға бөлініп отырады.

Әр топқа топтың аты таратылады:1 топ- Алғырлар, 2 топ- Білгірлер, 3 топ-Тапқыштар, 4 топ- Білімділер, 5 топ- Жеңімпаздар.

2.Психологиялық ахуал.

Балалар кеген қонақтарға бұрылып, амандасады.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Сабақты біз бастайық.

Дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.

ІІ. Өткенді пысықтау.

№1 тапсырма.

-Бұл тапсырма «Жолдама» деп аталады, себебі біздің сабақ ерекше бұл сабаққа кірісу үшін сендер жолдама алу керексіңдер.

Әр топтан топ жетекшісі шығып жабық тұрған тапсырманы алып топта орындайды.

Орындалған тапсырмаларға 3 түрлі стикерлер таратылып отырады.

J-5;  K-4;  L-3.

Тапсырма: тиімді тәсілмен орында.

1карточка: 9+10+1+40; 50+6+4+20.

2 карточка: 3+10+7+80; 7+40+3+10.

3 карточка: 5+20+5+10; 4+50+20+6.

4карточка: 8+2+20+30; 10+6+4+20.

5 карточка:1+30+9+20; 10+7+20+3.

Балалар дайындалып жатқан сәтте әр топтан бір балаға стикер жапсыру.Әр топтың 1 мүшесі тапсырманың орындалуын баяндайды.

-Жақсы әр топ әрі қарай сабаққа қатысу үшін жолдама алып, қатысуға мүмкіндік алды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Енді сабағымыз әрі қарай кезеңдерге бөлініп отыр.

1-ші кезең: «Сиқырлы сандық».

№2 тапсырма.

-Бұл сандықта  1 есеп, 2 әртүрлі тәсіл, 2-уі бос (бинго ретінде 1-ден  J-5; ) беріледі.

1 есеп: №2 оқулықта берілген есепті тақтада орында.

2 есеп: 2-ші тәсіл.

3 есеп: 3-ші тәсіл.

№3 тапсырма.

2-ші кезең: «Мадақтау»

Салыстыру тапсырмасын карточкаға жазу, оны тақтаға шығып орындағаннан кейін карточканың артында жазылған әріпті тақтаға үлестіру.

1.     5дм3см* 56 см –ж

2.     1дм5см*2дм –а

3.     1м*2дм3см – р

4.     64 см *7дм –а

5.     7 дм 5 см * 75 см-й

6.     10дм * 1м –с

7.     87 см * 1м –ы

8.     1 м * 2дм –ң

9.     9 дм 9 см * 1 м-д

10.                        10 дм *100см-а

11.                        55 см* 5 дм 5см-Р

Сергіту сәті: Көңілді әуен арқылы көңілді қимылдар жасау.

3-ші кезең: «Байқау»

Топтарға жеке тапсырмалар беру.

 

1 топ: Фигураны ата, фигураның периметрін тап.

 


                                                

 

2 топ: Фигураны ата, фигураның периметрін тап.

 

3 топ: Уақыттың өлшемдері қалай аталады?

            1 сағ ? мин

              1 мин ? сек

             1 сағ 40 мин? Мин

4 топ:Суретке қарап уақытты атау.

5 топ: Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрін табудың формуласын жаз.

Қорытынды: Логикалық тапсырмалар.

1)    3құс ұшып келе жатты, аңшы біреуін атқанда нешеуі қалады.

2)    Әкем, мен, шешем суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым?

3)    2 қайың өсіп тұр. Әр ағашта  2 бұтақ, әр бұтақта 2 алмұрттан. Барлығы неше алмұрт?

Бағалау: Жиналған стикерлерге байланысты сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.

Бағалау жүргізіліп жатқан кезде ата- аналармен  «Өмір ағашы» атты  рефлексия жүргізу.

(Не ұнады? Не ұнамады? Тілек)

Үйге: 85 б. №3.

Категория: разработки учителей школ района | Добавил: paganel (04.02.2014)
Просмотров: 1123 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск