Четверг, 30.01.2025, 22:03
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 54
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Разработки учителей » разработки учителей школ района

Альбекова Жазира Сайлаубековна учитель начальных классов



Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтардағы өтілген материалдарды амалдар,    
                                   есептер шығару арқылы қайталау;
                                  Есептеу, амалдардың орындалу ретін пысықтау;
                                  Шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топ: Алғырлар,  2-топ: Білгірлер, 3-топ: Тапқыштар
Әр топ өзінің командирін таңдайды.

2.Жаңа сабақ:
-Балалар, бүгінгі біздің сабақ өзгеше «Жұлдызды сәт» деп аталады. Өйткені әр топ өзіне жұлдыз жинайды, қай топ көп және сапалы жұлдыз жинаса сол топ жеңімпаз аталады.
Қызыл жұлдыз- өте жақсы, көк- жақсы, жасыл – орташа.
Осы жиналған бағадан қортынды баға шығарамыз. Әр тапсырмаға дайын болған топ өзінің сигналдық белгісін көтеріп, дайын екендігін көрсетеді. Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең: «Бой сергіту»
Мұнда командир сұрақты оқып бастайды, ал топ жауап береді

1 сұрақ: Қашықтықты табу үшін..........

2 сұрақ: Жылдамдықты табу үшін...........

3 сұрақ: Уақытты табу үшін ...................

2-кезең: «Сиқырлы кубизм»  (топпен жұмыс)
Әр топтан бала келіп текше лақтырады қандай сан түссе, сол санмен белгіленген қалташықтан есеп алып орындайды

1 есеп: Жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ. Ол 2 сағатта неше км жол жүреді?
              Ал 3 сағатта ше?

2 есеп: Мотоциклші 50 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Ол 150 км қанша уақытта                         жүріп өтеді? Ал 100 км ше?

3 есеп: Велосипедші 48 км  жол жүруі тиіс. Осы қашықтықты 2 сағатта жүріп өту үшін ол қандай жылдамдықпен жүру керек?

4 есеп: Бүркіт 3 секундта 90 м қашықтықты ұшады. Ол 270м неше секундта ұшып өтеді?

5 есеп: Лашын 4 секундта 80м қашықтықты ұшады . Ол 360метрді неше секундта ұшып өтеді?

6 есеп: Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі 80км/сағ, ал екіншісі 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 4 сағат өткен соң кездесті. Екі қаланың арасы неше км?

3-кезең: «Жәйма»  (Әр топтан бір оқушы тақтада орындайды)
Балалар жетондар алады ,қай сан түссе сол жаймада берілген тапсырманы орындайды, бірақ бұл кезеңде жайманың біреуінде сыйлық жасырынған ол-қызыл жұлдыз оны кім тапса сол топ тапсырма орындамай сыйлық ретінде жұлдызды алады.
1 тапсырма: Тік төртбұрыштың ені 4см, бұл оның ұзындығынан 8см кем. Фигураның ауданын тап.

2 тапсырма: Ені 8см, бұл ұзындығынан 2 есе артық. Фигураның ауданын тап.

3тапсырма: Тік төртбұрыштың ауданы 48см.кв. , ені 24см. Фигураның ұзындығын тап.  

4 кезең: «Оқы да біл, ойна да күл»
(логикалық тапсырмалар)
А) Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында екі, біреуі екеуінің арасында және барлығы бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар?  (3)

ә)Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда ,мұғалім:
- Ешқайссың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайссыңның бағаларың әртүрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардікі «3» те емес, «5»-те емес.Сонда әркім қандай баға алған?
Ш: Әсем   Ардақ   Анар
       5    3    4
5 кезең: «Деңгейлі теңдеу»
3 қалташық берілген . Олар: қызыл-күрделі, көк-орта, жасыл-жеңіл.
Балалар өз қалауынша теңдеулер алып орындайды.

Қызылда

400 ∙ (х – 12) ═ 3600               1500 : (х + 400) ═ 3        56000- 92 • х ═7792

Көкте

12000 • х ═ 800 • 30          80000 : у = 4000 – 2000       67343 – х = 6309 : 9

Жасылда

12 • х = 24                         360 : х =60               х ∙ 70 = 630

«Жұмбақты тап» ойыны
Ватманда берілген жұмбақты табу
Ш: Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.

Қорытынды: Әр топтың жинаған жұлдыздарын санап, қорытынды баға шығару.
                        Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Категория: разработки учителей школ района | Добавил: paganel (20.01.2012)
Просмотров: 1476 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск