Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Өскен негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Амержанова Махаббат Хаергильдиновна
Сыныптар 5-6 Пәні: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы:
5- сынып
|
6-сынып
|
Наурыз мейрамы.
|
Үйсіндердің тұрмысы мен шаруашылығы.
|
Сабақтың мақсаты: 5-сынып
|
Сабақтың мақсаты: 6-сынып
|
Білімділік. :Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелер, ойындар және тағамдары туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
|
Оқушыларға үйсіндердің мал шаруашылығы,егіншілігі,кәсібі,салт-дәстүрлері мендіни нанымдары туралы білімдерін толықтыру
|
Дамытушылық. Ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өмірдегі алатын орнын анықтау арқылы оларға шыны көзбен қарауға дағдысын қалыптастыру.
|
Оқушылардың ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін дамыту.
|
Тәрбиелік. Оқушыларға рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімдерін ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.
|
Оқушыларды өз халқының тарихын оқып білуге,салт-дәстүрін сақтауға,мәдениетті болуға тәрбиелеу.
|
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,сызбамен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек-сызбалары,слайд, суреттер,сөзжұмбақ.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру. (жіппен) Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек айтады.
5-сынып.
|
6-сынып
|
Үй тапсырмасын тексеру. 1.Орта ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындыларының суреттері бойынша сипаттаманы жазбаша түрде орындап, оқып беру. (Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи, Қарахан.)
Жаңа сабақ. Слайд бойынша түсіндіріп кету
2.Наурыз мейрамы.
1.Наурыз мейрамы-көктем айында тойланады.
Наурыз-көне иран сөзі, қазақша мағынасы"жаңа күн дегенді білдіреді.
Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы-жаңа жыл. Күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойы-ұлыстың ұлы күні деп атаған. "Ұлыс" деген сөз мемлекет ел деген мағынаны білдіреді.
Жер беті бусанып, қардың еріп, көктің шыға бастайтын бұл уақыттын "жуаның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер" шақ деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады.
Наурыз күнін жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Бір-біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Наурыз күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. "Самарқанның көк тасы да жібиді " деген сөз содан қалған. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ойын-сауық ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізеледі.
Қазақстан КСРО-құрамында болған кезде наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана бұл мерекені тойлауға қол жеткізген.
3.Шығармашылық тапсырма «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын ой толғау жазу.
Сергіту сәті. «Қара жорға»
Сөзжұмбақ шешу.
1. Ең үлкен тағам. (нан)
2. Балалар ойыны. (айгөлек)
3. Төлдің алғашқы ауызданатын сүті. ( уыз)
4. Қазақша жыл басы. (наурыз)
5. Қойдың сүйегімен ойналатын ойын. (асық)
6. Жылқы сүтінен жасалған сусын. (қымыз)
Сабақты бекіту.
Тест арқылы жаңа сабақты бекіту.
Үйге тапсырма. 39. Наурыз мейрамын оқып келу.
Бағалау.
|
1.“Кім жылдам?” ойыны арқылы өткен тақырыптың сұрақтарына жауап беру.
2.Жаңа сабақтың тақырыбы «Үйсіндердің тұрмысы мен шаруашылығы» Оқушыларға тапсырма мәтінмен өз бетінше толық танысу.
ондағы:
а)Үйсіндердің мал шаруашылығы. Қытай жазбаларында үйсіндер « егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал жанымен бірге көшеді де жүреді» делінген.
ә) Егіншілік пен отырықшылық. Археологиялық қазба кезінде табылған деректерге қарағанда, үйсіндерде егіншілік те дамыған.
б) Түрлі кәсіпшілік. Үйсіндер түрлі кәсіпшілікпен де айналысып,олар былғарыдан, сүйектен, тастан, темірден түрлі күнделікті өмірге қажетті заттарды жасаған.
в)Үйсіндердің салт-дәстүрлері мен діни нанымдары.
Үйсіндердің салт-дәстүрлері туралы ғылыми деректераз сондықтан да олар тек адамдардың өлгеннен кейін тіріледі деп сенген де оған о дүниеде бұл заттары қажет болады –ау деген түсінікпен өздері тұтынған заттарымен бірге жерлеген.
3.Сәйкестігін тап. Тақтада ойнатылады.
1.Сәйкесін тап
Сүйектен
|
жебе ұштары,моншақтар,түймелер
|
Ағаш, қайыңнан
|
шелек,астау,табақ
|
Былғарыдан
|
сұйық тағамға арналған ыдыстар
|
Тастан
|
қайрақ,кетпен,келі,диірмен
|
Темірден
|
балта,орақ, пышақ, ыдыстар
|
Сергіту сәті. «Қара жорға»
Сабақты бекіту.
Цифрлар сөйлейді: орнында ауызша жауап беруге дайындалу
20-100, 60-150, 4-5, 35см, 4,7см 3-5
Үйге тапсырма: 22-тақырыпты оқу, 5-сұраққа ауызша .
Бағалау.
|
Кім жылдам 6- сынып
• 1.Үйсін тайпасы қай жерде шоғырланған? Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік –батыс өлкесінде
• 2.Сақтардан соң Жетісу жерін кімдер мекендеді? үйсіндер
• 3.Үйсін атауы қытай жазбаларында қай ғасырдан бастап кездеседі? 2ғасырдан
• 5.Үйсіндер шығысында қай елмен шектеседі? Қаңлылармен.
• 6.Батысында қандай өзендер бар? Шу мен Талас
• 7.Үйсіндердің шығу тарихы туралы мәліет қалдырған кім? Сыма Цянь
• 8.Үйсіндер қандай ірі елдермен тең құқықты дәрежеде болған? Қаңлылармен, ғұндармен.
• 11.Астанасы яғни ордасы қалай аталады? Қызыл Аңғар.
• 12.Халқы қанша мың болған? 630мың адам.
• 13. Бай үйсіндр неше жылқыдан иемденді ? 4-5 мың
• 14.”Ат жақты, сары шашты,ақ құбаша “деп жазылған ,қай деректе? Қытай жазбаларында.
• 15.Жетісу жеріндегі үйсіндердің хронологиялық шеңбері? 3ғ-5ғ аралығы
1.Сәйкесін тап
сүйектен
|
жебе ұштары,моншақтар,түймелер
|
ағаш, қайыңнан
|
шелек,астау,табақ
|
Былғарыдан
|
сұйық тағамға арналған ыдыстар
|
Тастан
|
қайрақ,кетпен,келі,диірмен
|
Темірден
|
балта,орақ, пышақ, ыдыстар
|
Тест
1. Сәбидің дүниеге келу құрметіне жасалатын той?
а)қалжа
ә)шілдехана
б) сүйінші
2.Қыздың ауылында болатын той.
а)қыз ұзату
ә)беташар
б)келін түсіру
3. "Ұлыстың ұлы күні" деп қандай күнді атайды?
а) 16 желтоқсан
ә) 1 мамыр
б) 22 наурыз
4. "Ұлыс" деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
а) мемлекет ел
ә) жаңа күн
б) мейрам
5. Суырып салма ақындардың өлең түріндегі сөз жарысы
а) айтыс
ә)жарапазан
б)жар - жар
6. Наурызкөже қанша тағамнан жасалады?
а) төрт
ә) бес
б)жеті
7. Соғымбасы жылдың қай мезгілінде жайланады?
а) күзде
ә)жазда
б)қыста
8. Қымызмұрындық мейрамы мезгілде тойланады?
а) жазда
ә) күзде
б) көктемде
9. Сабантой кімдердің құрметіне арналған той?
а) дихандар мен бағбандардың
ә)жаңа туған балаға
б)тек қана жастарға арналған
10. Қазақ халқының ұлттық ойыны
а)Бәйге
ә)Айтыс
б)Тұсаукесер
|