Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының
салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй,
дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы:
1. Кіріспе
Мұғалім: -
Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар!
Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.
Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз.
Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап
келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп
аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз –
жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз той»
Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, Наурыз!
Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Мұғалім: Наурыз айы
– Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде
күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1 - жүргізуші:Жау қазындай
жайқалған гүлдерміз біз,
Ұлттармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2 - жүргізуші:Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары
өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға
шақырайық.
1 – жұп:Дильназ бен Арсен
2 – жұп:Бержан мен Гүлжан
3 – жұп:Меруерт пен Айдын
1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы
5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,
2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық»,
3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»,
4 - бөлім: «Мені жалғастыр»,
5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ –
қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? – деп әділ-қазылар алқасымен таныстырып
өтеді.
Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл:
Наурыздытәңірбізгенәсіпеткен, Мейірім танысын деп тасып өткен. Наурыз сән-салтанат,
ұлттық рух, Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
1 - жүргізуші: Деген екен
Қазақ халқы
«Сәлем – сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт,
Еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем, достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп
«Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2 - жүргізуші:Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде
сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң
жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын
аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1
дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам
өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап
не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз
не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? нелер?
кім? кімдер? деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты
түрлері бар.)
6 – сұрақ:Жұмбақ.
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекенғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)
Альбина: Наурызымға жап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Берекет: Наурызым – тойлы нұрлы
күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.
1 - жүргізуші:Кедеймін деп
қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)
Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәр лезін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.
Қызық думан – мереке,
Қызық думан құрамыз.
2 - жүргізуші:Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде
карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады. Ортаға барлық
сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................
Өлеңді жалғастыр ................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынғабір. .................. Секеңдеуді .
....................
2) Таулы жер бұлақсыз болмас, ...................................................
Өлеңді жалғастыр ..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып, .......................
сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр. ................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз, ................. ақтаймыз.
1 - жүргізуші: Сырма қойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың
ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.
2 - жүргізуші:Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында
асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.
1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз
кезегін береміз.
2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші:Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2 - жүргізуші:Қашанда құт
– береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Енді бәрімізді ортаға
дастарханға шақырамыз.
Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күнінде
адамдар бір-біріне тілек білдірген:
Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы
бол!
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын соңынан!
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!-деп кешімізді
аяқтаймыз
|