Пятница, 31.01.2025, 09:11
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 54
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Разработки учителей » разработки учителей школ района

Ногербекова Жанар Койбагаровна «Ұшақ».

Жапсыру сабағы

                                                     2сәбилер тобы

Білім  беру саласы:шығармашылық,таным.

Бөлімі:жабсыру.

Тақырыбы:«Ұшақ».

Мақсаты:көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау;аспан денелерін ажырата білуді үйрету;ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету;жұ-мысты ретімен  атқара білуге тәрбиелеу.             

  Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әуежай бейнеленген картинаны талдау, суретке қарап әңгіме құрастыру.Көлік түрлері жайында әңгімелесу.

   Қажетті құрал- жабдықтар  мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликатция үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: қалақ

Билингвальді компонент:ұшақ- самоллет, аспан- небо.

 

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушылық.

Тәрбиешінің басқару іс- әрекеті:    Жұмбақтар

                                               Құстан   аумайды,

                                               Көкте заулайды.  (Ұшақ .)

 

                                                Күміс қанат сұңқары,

                                                 Көкке еркін сүңгиді

                                                  Бұлттан да тым әрі,

                                                  Кеткен жаңды кім дейді?   (Ұшқыш.)

Балалардың іс- әрекеті: Балалар тәрбиешінің жасырған  жұмбақтарын шешеді: Ұшақ,Ұшқыш.

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік: Балалар, ұшақтар қайда ұшады?

-Ал сендердің ұшқыш болғыларың келе ме? Ұшқыш болу үшін не істеу керек?

Ендеше, біз нағыз ұшқыш болу үшін өзімізге ұшақ жасайық. Ұшақ жасау үшін мына суретке назар аударайық.

Сөздік жұмыс: қалақ.

- Суретте нелер бейнеленген? Ендеше, фонға ұшақтың қанатын жапсырамыз,одан сон, ұшақтың қанатынан сәл төменірек ұшақтың құйрығын жапсырайық, қанаты мен құйрығының  үстіне ұшақтың негізгі бөлігін жапсырамыз. Ұшақтыңнегізгі бөлігінің ішінде адамдар отырады, ал олар қайда ұшып бара жатқанын білу үшін оларға терезе керек. Олай болса , терезесін жапсырайық. Ұшағымыз ұшу үшін оның алдыңғы жағына қалағын  және оны ұшаққа бекітіп тұратын дөңгелекті жапсырамыз. Ұшағымыз дайын болды.

 

Билингвальді  компонент: ұшақ- самолет, аспан- небо,

 Сергіту сәті.

Аспан, аспан, арайлым.

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

 

Тәрбиеші оқу іс- әрекеті барысында көмек сұраған  балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалардың жапсырған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.

 

Балалардың іс- әрікеті:- Аспанда ұшады.

                                            -Иә. Мен өскенде ұшқыш болғым келеді. Балалар үлестірмелі материалдағы суретке қарайды. Қайталайды: қалақ. –Суретте аспан, ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген.

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, оның айтуы бойынша жұмысты орындайды. Өздері дайындаған ұшаққа  қызыға қарайды.

Қайталайды: ұшақ- самолет, аспан- небо.

Балалар сергіту  сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл- қозғалыстар жасайды. Балалар берілген нұсқау бойынша жапсыруды жүзеге асырады.

 

Рефлексия:  - Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде  не үйрендіңдер? –Ұшақ жапсыру қызық па екен? Тәрбиеші балаларды марапаттайды, дайындаған жұлдыздарды балаларға таратады.

 

Балалардың  іс- әрекеті:- Ұшақ жасауды үйрендік. – Иә, өте қызық . Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ұшақтың бөліктерін, оларды рет- ретімен жапсыруды:

Түсінеді: ұшақтың әуе  көлігі екенін, аспанда ұшатынын, берілген тапсырманы тыңғылықты орындауды,

Қолданады: жапсыру барысында ұшақ бөліктерін ретімен орналастыруды.                        

                                                       

Ногербекова жанар койбагаровна

Категория: разработки учителей школ района | Добавил: paganel (13.02.2015)
Просмотров: 1637 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск