Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Құьтөккен ауылы
Қызыләскер орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі Рахимжанов Жанат Төлегенұлы
Сабақтың тақырыбы: “...Ақан – тұлпар,
Ақан – сұсу нәзіктік. ...”
Сабақтың мақсаты:
1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Өлкетану материалдары арқылы оқушыларды Ақан сері туралы деректермен таныстыру.
2. Оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Өлкетану материалдары арқылы оқушыларға елжандылық тәрбие беру. Әсемдікке тәрбиелеу. Оқушыныңсөйлеу мәнерін жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Көрнекілік: буклет, кітаптар көрмесі, үнтаспа
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
1.(Ақанның балалық шағы)
Ақан 13 жасқа келгенше Бұқардан оқып қайтқан Күнту деген бір молдадан сабақ оқып жүреді. Есі кіре бастаған соң, молданың балдыр-батпағына зерек Ақанның көңілі орталай бастайды. Сөйтіп 13 жасында Ақан молдасымен бір шариғатқа таласып, маған қарсы келдің деп молдасы оны ұрған соң, “шыбыққа сүйенген шариғатыңды ұрайын” дейді де, оқумен қоштасып кете барады.
2. (Ақанның “сері” атануы)
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың қарауылдың ойын- тойының көркі Ақан болады. Біріне бедеу мінгізіп, біреуге бүлде кигізіп дегендей, 15-20 жігітті өзі тәрбиелеп нөкер қылып алады. Жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара ат мініп, қара киген. Біресе торыға мініп, күрең киген. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында – домбыра, аузында - ән... Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әншіл. Бірақ Ақанның әні өзгеше. Даланы күңірентіп Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін, сұлу кестесін қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың қаруылдың қара көздері “Ақанның әні-ай” деп сүйсінеді. Сүймесе сері дер ме еді, қалың қарауыл Ақанға “сері” ат береді.
3. - Ақанның саятшылық өмірінен:
Құлақ естір жерден алғыр қыран құмай тазы,жүйрік жияды. Зілғараның баласы
Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған Қараторғай деген бүркітті,Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген итті алады.
4. - Ақан шығармашылығының тақырыптары әңгімелеу.
5. Ақан әндерін үнтаспадан тыңдату:”Балқадиша”, “Мақпал”, “Маңмаңгер”, “Құлагер”
–Ақанның шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыту.
Әр оқылған өлеңін шығу тарихы жайында мәлімет беру.
Мысалы: “Балғадиша”әні. Еріксіз ұзатылып бара жатқан Балқадиша өзінің көңілі
сүйген ақынға кетер алдында наз айтады .Ақанның қыз отауында тұрып
арнаған әні.
...Бір емес, екі жеңген келіп отыр
Рұқсат бізден сізге, бар Қадиша...
6.Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы деңгейлік тапсырма беру.
7.Оқушылардың үйде дайындап әкелген тест тапсырмаларын бір-бірімен
алмасады(уақыт белгіленіп,өздері бағалайды)
Қорыту: Сабағымызды қорта келгенде айтарымыз Ақан атамыздың әндері,
өнері,өмірі мәңгілік екен. Өткен ғасырда өмір сүріп : “Санамен салмақтайтын
ер табылса,
Айтылмай неге қалсын менің атым... “ деген ақын сөздері қазір дәлелденіп отыр.
Біз ақын өнегесін үлгі тұтып,әрдайым есте сақтаймыз.
Бағалау:
Әр оқушының сабаққа қатысуы мен жауаптарының дұрыстығы ескертіліп,тиісті бағасы қойылады.
Үйге тапсырма: Ақан өмірі мен шығармашылығына байланысты сөзжұмбақ
құрастыру.
|