Сайлаубай Жунусов Елбасының ЖолдауыСайлаубай Жунусов, СҚО, Айыртау ауданы. «Жетім балалар мен ата-ана қамқорлықтарынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп- интернаты » қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Елбасының Жолдауы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға «Қазақстан -2050 » стратегиясы туралы жалпы мағұлмат беру. Дамытушылық: Лексикалық тақырып бойынша оқушылырдың дүниетанымын кеңейту,өз ойын еркін жеткізе алуға төселдіру. Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақ түрі : Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,ойландыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдаудан түсірілген бейне фильм үзіндісі. Сабақ барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу. ә) Психологиялық жағдай жасау. 2. Жетекші сұрақтар қою: а) 1 желтоқсан қандай мереке? ә) Жолдау дегенді қалай түсінесің ? т.б. сұрақтар 3. Кіріспе сөз: Мұғалім 10 қазан 1997 жыл « Қазақстан-2030» старатегиясы туралы сөз қозғап тақтаға жазып көрсетеді. 4. Берілген мәтінді оқып орыс тіліне аударады Елбасының Жолдау 14 желтоқсан 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Естеріңізге сала кетейік 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын жариялаған болатын. Біз –деді Елбасы жаңа Жолдауда Қазақстан-2030 бағдарламасында айтылған жұмыстарды мерзімнен бұрын орындадық.Сондықтан жаңа бағдарлама қабылдау қажет.Президент өз сөзінде бәсекеге қаблетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғарғы елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз.Біздің азаматтарымыз үнемі озық жабдықтармен заманауи өндірісте жұмыс жасауға дайын болу керек .Әсіресе инженерлік білім беруді,техникалық мамандықтарға оқытуды басты назарға алуымыз керек.Осыған ЭКСПО-2017 үлкен серпін береді.Мен жаңа буын Қазақстандықтарға сенім артамын. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп өнулеріңізге барлық жағдайды жасауға тырыстым.Әлемдік деңгейде университет,зияткерлік мектептер аштым. 2050 жылға қарай Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге,болашаққа өте сенімді,өз Отанында өмір сүргенді қалайтын,өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиісті.Сонымен қатар біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әрпіне көшіруіміз керек .Бұл әлеммен түсінісуге,интернет тілін жетік білуге жағдай туғызады.Қазақ және Орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін белсене меңгеру қажет. 2050 жылға қарай Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылу қажет. ХХІ ғасыр Қазақстан үшін алтын ғасыр болады-деді. Сөздік Жолдау-послание Бағдарлама-программа Естеріңізге сала кетейік-напоминаем Жариялау-обьявить Мерзімінен бұрын- досрочно Бәсекеге қаблетті-конкурентноспособный Сауатты-образованный Заманауи-современный Жабдықтар-оборудывание Серпін-импульс,толчок Зияткер-интелектуальный Сенім-уверенность Өмір сүру-жить Қожа-хозяин Әлем-мир Түсінісу-понимать Белсене-активно Меңгеру-овладеть(изучать) 5. Тапсырмалармен жұмыс 1-тапсырма. Берілген сурет бойынша сөздердің аудармасын тап. 2-тапсырма. Картография ( хроногиялық таблица) Дата: 14 желт.2012 30 тамыз 1995 4 маусым 1992 16 желт. 1991 1 желт. 1991 3-тапсырма. Синквейн әдісі бойынша бірнеше сөйлем құра. - Зат есім-
- Сын есім-
- Етістік-
- Сөйлем-
- Түйіндеме-
4-тапсырма. Сөйлемді толықтыр. - Мен ------------------------------- сенім артамын.
- Әлемдік деңгейде -------------------------------------- аштым.
- 2050 жылы -------------------------------------- сезінуге тиіс.
- 2025 жылы --------------------------------- көшуіміз керек.
- Қазақ орыс тілінен -----------------------------------қажет.
5-тапсырма. Тест тапсырмаларын орында. 1-нұсқа 2-нұсқа 1.Президент 2050 Жолдауын қашан жарияланды 1.ХХІ ғасыр Қазақстан үшін қандай ғасыр А. 14 желтоқсан 2012 жыл. А. Қола. Ә. 15 желтоқсан 2012 жыл. Ә. Алтын. Б. 21 желтоқсан 2012 жыл Б. Күміс. 2.Тұңғыш Президент күні мерекесі қашан 2.Тәуелсіздік күні қашан А.30 тамыз А. 1 желтоқсан Ә. 22 қыркүйек Ә. 30 тамыз Б. 1 желтоқсан Б. 16 желтоқсан 3. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым 2. Құрмалас сөйлем неше түрі бар А. Лексика А. 3. Ә. Фонетика Ә. 2. Б. Морфология Б. 5. 4. Қазақ тілі латын әліпбиіне қашан көшеді 4. ЭКСПО-2017 қай қалада өтеді А.2015 жыл А. Алматы Ә. 2025 жыл Ә. Астана Б. 2020 жыл Б. Қарағанды 5.Жалғаудың неше түрі бар 5.Қазақ тіліне тән дыбыстар саны А. 5 А. 3 Б. 4 Б. 6 Ә. 6 Ә . 9 6.Көп тілді білетін адамды қалай атайды 6. Мемлекеттік тілді көрсет А. Шешен А. Ағылшын Ә. Полиглот Ә. Орыс Б. Ақын Б. Қазақ 7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады 7. Орыс тілінде үндестік заңы бар ма А. Славян А. Мүмкін Ә. Түркі Ә. Бар Б. Монғол Б. Жоқ 8. Абай Құнанбаев кім 8. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім А.Әнші А. Мәшһүр Ә. Ғалым Ә. Ибраһим Б. Ақын Б. Мұхамедқанапия 9.Кім? деген сұрақ қазақ тілінде кімге қатысты 9. Не? деген сұрақ қазақ тілінде нелерге қатысты А.Жануарлар А. Адам Ә. Өсімдіктер Ә. Оқушы Б. Адамға Б. Адамнан басқаға 10. Қазақ тілінде тек (род) категориясы бар ма 10. Орыс тілінде тек (род) категориясы бар ма А. Бар А. Бар Ә. Жоқ Ә. Жоқ Б.Мүмкін Б. Мүмкін Тест тапсырмаларының кілті 1-нұсқа 2- нұсқа 1. А. 1. Ә. 2. Б. 2. Б. 3. Ә. 3.А 4. Ә. 4. А. 5. Б. 5. Ә. 6. Ә. 6. Б. 7. Ә 7. Б. 8. Б. 8. Б. 9. Б. 9. Б. 10. Ә. 10. А. - Сабақты қортындылап, пысықтау.
- Үй тапсырмасы.
- Еңбекті бағалау.
|