Пятница, 31.01.2025, 11:48
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт учителей северного Казахстана.

Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 54
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Разработки учителей » разработки учителей школ района

Сан есімнің емлесі Калдырбаев М.К

Солтүстік  Қазақстан  облысы

Айыртау  ауданының  білім  бөлімі

Саумалкөл №2  гимназия – мектебі

 

 

САБАҚТЫҢ   ТАҚЫРЫБЫ: 

Сан  есімнің  емлесі

 

 

 

 

 

Дайындаған:

қазақ  тілі және қазақ 

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Калдырбаев М.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саумалкөл, 2014 ж.

Қазақ   тілі   6 сынып


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:  Сан есімнің емлесі


САБАҚТЫҢ  МАҚСАТЫ:    Сан есімнің емлесімен таныстыру.


1. БІЛІМДІЛІК: Сан есімнің емлесін меңгерту.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың жүйелі ойлауларын жетілдіру, ауызекі сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал жасау.
3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге ықпал ету, бірін - бірі тыңдап, сыйлай білуге үйрету.


САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.
ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ: ой қозғау, іздену, шығармашылық, талдау.
КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, кеспелер, бағалау парағы
 

                             САБАҚ   БАРЫСЫ:
1. Оқушылармен амандасу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.
2. Назарларын  сабаққа  аудару
Жаңылтпашты оқу, қайталату
Бес түп алма
"Бестік "алғандікі.
Төрт түп алма
"Төрттік" алғандікі
"Төрттік"алған
Бес түп алма  алмайды.
"Бестік"алған
Төрт түп алма  алмайды.
Ендеше сабақта «5» пен «4» деген баға алуға  тырысайық.
 

Өткен сабақты қайталау. Сан есім туралы
Жалғыз ойлану, жұппен сөйлесу, топпен сөйлесу, ұжыммен сөйлесу

1. Тақырыпты ашу.
Мысалдар арқылы: бесінші сынып, алты жаста, қырық - елу қой дегендегі сандарды сөздермен тіркестіріп қалай жазамыз?
- Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қандай?
2. Сабаққа мақсат қою
3. Ережесін  шығару

Сан  есімнің  емлесі

 

1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады.

Мысалы:  жүз бір,  жиырма бесінші,  бір мың  тоғыз жүз  сексен   бес, т.б.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын

жалғаулар дефис арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 12-ден 13-ке шығамын,т.б.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе ,-ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағының орнына дефис – жазылады да, рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. Мысалы: 5-сынып, 23- қатар, 105- мектеп, Хсынып, ХХ ғасырдағы әдебиет.

Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис қойылмайды. Мысалы: 1992 жыл, 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл.

4. Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің –ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы қысаң ы, і, дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: Екі –екеу, алты –алтау, жеті –жетеу.

5. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда , оларға жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады. Мысалы: 100- деген, 1000 – дап,сағат 5 – терде.

Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да , цифрмен жазылсада арасына дефис қойылады. Мысалы: Қырық-елу үй , 40 – 50 үй.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы , шақты , қаралы, тарта , жуық ,таман, жақын , сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын  жарты , жарым , ширек сөздері тіркескен сандардан , сөзбен берілсе  де , цифрмен берілсе де, бөлек жазылады. Мысалы: Мың қаралы , 100 шамалы , елуге тарта , 40 –қа таман , он бір жарым , 2 жарты , бір ширек.

6.Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де , цифрмен берілсе де , дефис – арқылы жазылады. Мысалы: Он –оннан ,10 -15 –тен, 20 -20 – дан.

 

Кеспелермен  жұмыс  жүргізу ( тапсырмалар)

1.Берілген  есептік  сан  есімдерден  реттік, топтау, жинақтық, болжалдық  сан  есімдер  жасап, сөзбен  жазыңдар.

Берілген  есептік  сан  есімдерден  реттік, топтау, жинақтық, болжалдық  сан  есімдер  жасап, сөзбен  жазыңдар.

4, 8 , 5, 20, 200, 1000, 36, 73, 84, 125

2.Дара  сан  есімді  табыңыз

а) үшінші

в) отыз  бес

с) бес – бестен

д) төрттен  бір

е) екі – үш

 

3.Саны  жетімен  шектелетін   сан  есім  түрін  табыңыз

а) реттік 

в) болжалдық

с) жинақтық

д) бөлшектік

е) есептік

 

4.Берілген  сан  есімдерді  қатыстырып  сөйлемдер  құраңдар.

Екі – екіден, бес – бестен, оныншы, жетеу, елу – алпыс.

 

5. Оқулықпен жұмыс 178 - жаттығу.


Кеспелермен  жұмыс  жүргізу   ( тапсырмалар)

1.Күрделі сан есімдер   қалай жасалады.

Мысал  келтіріндер, түсіндіріңдер.

 

2.Реттік  сан  есім  емлесін  айтыңдар.

 

3.Жинақтық  сан  есімнің  ерекшелігі  неде?

 

Кеспелермен  жұмыс  жүргізу (қосымша  тапсырмалар)

1.Мәтілдерді  толықтырыңдар.

    Жаман  қойшы  жайлауын (  ) күн  жейді,

    Жақсы  қойшы  жайлауын (  ) күн  жейді.

 

2. Мәтілдерді  толықтырыңдар.

    Болар  бала (  )  бас  болар,

    Болмас  бала (  )  жас  болар.

 

3. Мәтілдерді  толықтырыңдар.

    ( ) Ұл  туған  ананы, Ханым десе  болады,

    ( ) Ала  болса  ауздағы  кетеді. 

 

ҮІ. Үйге тапсырма

 
ҮІІ. Бағалау

 

 

Категория: разработки учителей школ района | Добавил: paganel (26.01.2015)
Просмотров: 3434 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск