Сабақтың кезеңдері
|
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Кіріспе:
Ұйымдастыру кезеңі
|
Жарқырап күн де
ашылды,
Айналаға нұр шашылды,
Қайырлы күн !
Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз
|
Ынтымақтастық атмосферасы арқылы балалардың сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады.
|
Тренинг жасап, сабаққа назарын аударады.
|
Топқа бөлу
|
Өлең жолдарының
сөздері арқылы топқа бөлінеді.
Мысалы:
Ай-(1бала)
мүйізді-(2 бала) шоқпардай-(3 бала),
Шүйделері-(4
бала) тоқпақтай-(5 бала).- 1-ші топ.
|
Өлең шумақтары бойынша балаларды топтастырып отырғызу.
|
Өлең шумақтары бойынша топтасып отырады.
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
2-жаттығу. Әр топ екі жолдан бөліп алып, талдау
жүгізеді.
|
Кеспе қағаздағы тапсырмаларды үлестіріп, бақылайды.
|
Бірлесе тапсырманы орындап, топ алдында қорғайды.
|
Жаңа сабақ: Ой
қозғау
|
Үш топқа ватманға сөздер жазып беру, сол сөздерді екі
бағанға бөліп, қортынды жасату.
Тапсырма: қызыл, ақ, қызыл ала, ақ ала, көк, қара көк.
|
Оқушыларға тапсырманың орындалу ретінтүсіндіреді.
|
Сөздерді дара және күрделі бағандарына бөліп жазып,
қортынды ереже шығарады.
Тапсырманың нәтижесінде шығатын ереже:Дара сын есім бір сөзден жасалады .
Күрделі сын есім екі немесе одан да көп сөзден жасалады
.
|
Оқулықпен жұмыс:
|
Жалпы топпен 1-жаттығуды ауызша орындайды.
Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстыру.
|
Жауап күтетін баланың орындығына стикер жапсырады.
Тапсырманың орындалуын қадағалайды.
|
Орындығында стикері бар бала жауап береді.
|
Жеке жұмыс:
|
2-жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді тауып, оларды
салыстыру.
|
Оқулықтан тапсырма береді.
|
Сын есімдерді тауып, өзгешеліктерін айтады.
|
Бой сергіту:
|
Көңілді әуен арқылы жаттығулар жасату.
|
Қимыл қозғалыстарын көрсетеді.
|
Қимыл қозғалысты қайталайды.
|
Жұппен жұмыс:
|
Жұппен отырған оқушылардың біреуі дара сын есіммен
сөйлем құрастырса, көршісі оны күрделіге айналдырып, сөйлем құрайды.
Мысалы: 1. Мен биік үйде тұрамын.
2. Мектеп ауласында өте биік ағаш өсіп тұр.
|
Мұғалім сырттай бақылайды.
|
Өз жұбымен пікірлесе отыра, жұмыс жасайды.
|
Шығармашылық тапсырма:
|
Үш топқа бағдаршам көздерін тарату
1 топ-Қызыл көзі: Құрамында күрделі сын есімі бар 5 жол өлең құрастыру.
2 топ- Сары көзі: Құрамында күрделі сын есімі бар
жұмбақ құрастыру.
3 топ- Жасыл көзі: Дара сын есімі бар өтірік өлең
құрастыру.
|
Әр топқа тапсырмаларды түсіндіріп, бағдаршам түстерін үлестіреді.
|
Тапсырма дайын болған кезде топтар бағдаршам көздері
арқылы белгі беріп, жұмыстарын қорғайды.
|
Қорытынды бөлім:
|
«Кубизм» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша
қалташықтағы сұрақтарды алып, жауап береді.
|
Кезекпен оқушыларды шығарып, текше лақтырту.
|
Текшенің түскен санына байланысты қалташықтан сұрақтар
алып, жауап беру.
|
Үйге тапсырма:
|
1-топ: 3-жаттығу. 2-топ: 4-жаттығу. 3-топ:
5-жаттығу.130-бет ереже жаттау.
|
-Күнделікті енді
ашайық,
Үй тапсырмасын
жазайық.
Бүгінгі алған
білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
|
Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
|
Рефлексия
|
«Не ұнады? Не ұнамады?»
|
Стикерлер тарату
|
Сабақтан алған әсерлерін жазады.
|
Бағалау
|
Смайлдар арқылы жұптасып бағалау.
|
Смайлдарға сүйене отырып, қортынды баға шығару.
|
Бір-бірі, өзара бағалайды.
|