«Зерде» интеллектуалды ойыны Шагирова К.М.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушылардың арасында озық ойлы зерделі оқушыны анықтау, оқушылардың алған білімдерін қортындылау
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу
Түрі: танымдық ойын сабағы
Пән аралық байланыс: тарих, орыс тілі, қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: сайыстың аты жазылған плакат, нақыл сөздер, карточкалар, әр түрлі ұяшықтар, шарлар
Сайыстың барысы
І Кіріспе бөлім
А) сайысқа қатысушыларды анықтау
ә) сайысқа дайындығын тексеру
б) Қазылар алқасын сайлау
ІІ Негізгі бөлім І Ұйымдастыру
Мұғалім:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына
Сайыскер, сіздерге сәттілік тілейміз!
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар
1. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, оқушы ұраны
Армысыз, айналайын дана халқым
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын
Тіл ұшына оралар кезедескенде
«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Өнерлерін паш етер әрбір жастың
Сәт те келіп қалғандай танысатын-дей отырып ортаға топ мүшелерін шақырамыз
2. «Сиқырлы түстер»
А) Қызыл түстің сұрақтары Дүниежүзі тарихынан
1. Египет пирамидаларының ең үлкені /Хеопс/
2. Дүние жүзінде ең алғаш капитализм орнаған ел? /Англия/
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс? /1914-1918 ж/
4. «Жүз жылдық »соғыс қай елдердің арасында болды? /Франция мен Англия
5. Испанияда құрылған араб мемлекеті қалай аталды? /Кардова халифаты/
6. ХV ғасырда Еуропада неше университет болды? /65/
7. Леонардо да Винчиді әлемге әйгілі еткен туындысы? /Моно Лиза/
8. АҚШ Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына және неліктен бомба тастады? /1945 ж 6-9 тамыз/
9. Өзбекстанның президенті кім? /Каримов/
10. тарихи деректер нешеге бөлінеді? /2/
11. Шығыста тарих атасы кім? /Сыма Цянь/
12. Геродоттың еңбегі қалай аталады? /тарих/
13. Ең алғашқы жазу қалай аталды, қашан шықты? / сурет жазу, 5000 жыл бұрын/
14. Халқының санынан бірінші орында тұрған ел№ /Қытай/
15. «Топонимика» деген не? /Жер-су ататарын зерттейтін ғылым/
Б) Көк түстің сұрақтары Қазақстан тарихынан
1. Ерте палеолит неше жылға созылды? /600/
2. «Мезолит» дәуірінің хронологиясын ата?/б.з.б. 12-5 мың/
3. Қазақстанның қай аумағы Андроновтықтардың негізгі мекені болды? /Орталық Қазақстан/
4. Сақтардың тілі? / шығыс ирандық/
5. Сарматтардың өнері қалай аталды? /полихромдық/
6. Ғұндар неше руға бөлінді? /24/
7. Қазақ ғалымдарынан Аттила туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген кім: /Ш. Уәлиханов/
8. Үйсіндердің астанасы? /Чигу/
9. Түрік қағанаты өмір сүрген кезең/552-603/
10Айша бибі кесенесі қай ғасырға жатады? /ХІ-ХІІ /
11.Әбілқайыр хан елді неше жыл биледі? /40/
12. «Алаң да алаң алаң жұрт» шығармасының авторы, жырау, күйші, шешен, қолбасшы? /Қазтуған/
13Асан қайғының шын есімі /Асан Сәбитұлы/
14.Қазақтың тұңғыш академигі /Қаныш/
15. Қазақ автономиясының алғашқы астанасы? /Орынбор/
16. Шоқанның өмір сүрген жылдары /1835-1865/
17 Қазақстанда қола мәдениетін зерттеген ғалым /Ә. Марғұлан/
18. Алғашқы қазақ хрестоматиясының авторы /Ыбырай/
19. Алаш партиясының құрылған жылы/ 1917 ж/
20. Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи күмбезінде жерленген батыр /Бөгенбай/
В) Ақ түстің сұрақтары. Орыс тілі пәнінен
Орыс тілі пәнінің мұғалімі дайындап әкеледі
Г) Сары түстің сұрақтары Тәуелсіз Қазақстаннан
1. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жыл /1992 ж/
2. Алғашқы қазақ ғарышкері /Тоқтар Ә/
3. Астана қаласы қай жылдан бастап ҚР астанасы деп аталды /1998 ж/
4. ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл /1992 ж/
5.ҚР теңгесі қабылданаған жыл? /1993 ж/
6. ҚР. Конститутциясы бойынша мемлекеттің қайнар көзі /халық/
7. Бірінші дүниежүзі қазақстарының құрылтайы жыл /1992 ж/
8. ҚР Мемлекеттік Әнұранының жаңа редакциясы бекітілді? /2006 ж/
9. ҚР Жаңа Конституциясы қабылданған жыл /1995 ж/
10. 1991 ж 10 желтоқсанда не болдыц? /Назарбаев Президент болып сайланды/
Ғ) Жасыл түстің сұрақтары: Қазақ тарихындағы көтерілістер
1. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс /Кенесары/
2. 1371-1372 жылдардағы жорық /Әмір-Темір/
3.1836-1838 жылдардағы көтеріліс /Махамбет, Исатай/
4. 1783-1797 жылдардағы көтеріліс /Сырым/
5. 1773-1775 жылдардағы көтеріліс /Е. Пугачев/
6 ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы көтеріліс /жанқожа, Есет/
7. 1905-07 жылдардағы /ресейдегі ревлюция/
8.1916 жыл көтеріліс /ұлт-азаттық /
Д) Қоңыр түстің сұрақтары әдебиет пәні бойынша
1. Махамбеттің бір өлеңін жатқа айту
2. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін айту
3. Ыбырайдың «Кел балалар оқылық» өлеңін жатқа айту
4. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім » өлеңін оқу
5. Өз қалаулары бойынша бір шығарма оқу
3. Сырлы сандықтың сұрақтары
Адамдар мен оқиғалар
1. Абай Құнанбаев кім,қазақ халқы үшін қандай қызмет атқарды?
2. Махамбет Өтемісұлы қай ғасырда өмір сүрді кімдерге қарсы не үшін күресті?
3. ӘЛ-Фарабидің өмірі , еңбегі
4 Абылай кім,қазақ халқы үшін қандай қызмет атқарды
4. Сөзжұмбақ «Кенесары»
1. 1837-47 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі /кенесары/
2. Орынбор басшылығы Кенесары ханға кімді жіберуді қажет деп тапты? /Елші/
3. Кенесарының інісі кім? /Наурызбай/
4. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде қандай ән шықты? /Елімай/
5. Кенесары ханның жақын серіктерінің бірі /Саурық/
6. Арғын тайпасының шұбыртпалы руынан шыққан атақты батыр./ Ағыбай/
7. Қазақ жерін отарлаушы ел /Ресей/
8. «Кел балалар оқылық!» деген өлеңнің авторы /Ыбырай/
5. Қортынды
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Оқушылар зердесі деп жүрейікші
Әділқазыларға тек әділеттікті
Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші
Марапаттау рәсімі
|